"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Изобильный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Изобильное отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы мемлекеттік қызметтің есебі

03.03.2022

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2021 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск каласы бойынша білім бөлімі Изобильный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы Акмола облысы, Степногорск каласы, Изобильный ауылы Республика көшесі, 42 ғимарат.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2021 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск каласы бойынша білім бөлімі Изобильный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ асқарма 50 қызметті көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 11;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 39.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2020 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск каласы бойынша білім бөлімі Изобильный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 34 қызметті көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 0;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 34.

 

 

                                       

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды ұйде және тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».

«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген саннатарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру».

 

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған  мектептің sc0027.stepnogorsk.aqmoedu.kz  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, мектеп ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2021 жылы «Изобильный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік желілерде 1  мақала жариялады, 2дөңгелек үстел өткізді. Ай сайын қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

«Изобильный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді, 2018 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес  мектепте іс-шаралары өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

  Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2022 жылы мектепте ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

 

 

Басшы                                                                                            А.Самойленко

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. Ж.Бекмолдина

Тел. 47-0-42

Просмотров: 1151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст