"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Изобильный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Изобильное отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ПГГСВ №10, 12

2021 жылғы 5 наурыздағы № 10

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                               город Нур-Султан

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

қаулыларына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі - № 67 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен  толықтырулар енгізілсін:

1)  № 67 БМСДҚ-ға «Пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) мекемелерде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» деген 24-қосымшада 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеушіге, адвокатқа және қорғаушыға шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, күдіктілердің және айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық іс-шараларды шектеу.»;

2) № 67 БМСДҚ-ға 33-қосымшада ІІІ бөлімнің 1.2-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) медициналық ЖОО мен медициналық колледждердің студенттеріне медициналық ұйымдарда практика алдында жүргізіледі.».

3) № 67 БМСДҚ-ға 39-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

         2. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына (бұдан әрі - № 68 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мынаған:

– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып - 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;»;

2) 2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте карантиндік шараларды күшейту эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда 5 күн ішінде жүргізіледі («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді;»;

3) № 68 БМСДҚ-ға 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) № 68 БМСДҚ-ға 4-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы 2021 жылғы 9 наурыз сағат 00-ден бастап күшіне енеді

 

 

Қазақстан Республикасының  

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                           Е. Қиясов

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы  5 наурыздағы  

№ 10_  қаулысына

1-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 67 қаулысына

  1.  

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптар

 

  1. Объектінің әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жұмыс істеу талаптарымен танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.
  2. объектілердің жұмыс режимі және қызметке шектеулер шектеу (карантиндік) шараларын қатаңдатуға (жеңілдетуге) қойылатын талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілетін Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттарымен айқындалады.

3. Объектілердің қызметіне мынадай шарттар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:

1) объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу(оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу);

2) дене қызуы жоғары және/немесе инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттете отырып, байланыссыз тәсілмен дене қызуын өлшеуге арналған аспаптарды қолдана отырып, персонал мен келушілердің дене қызуын бақылау. Көрсетілген симптомдарболған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді;

3) келушілерді әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу (келушілер арасында кемінде 1,5 метр не 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен);

4) міндетті түрде маскалар болған кезде персонал мен келушілерді объектіге кіргізу;

5) объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, персоналдың маскасыз жұмыс істеуіне жол берілмейді;

6) жұмыс (ойын) орындарын, компьютерлік периферияны (тінтуір, пернетақта, кілемше, құлаққап), жанасатын беттерді, жиһаздарды құрамында спирті бар тазалағыш құралдармен әрбір келушіден кейін жинау және дезинфекциялау;

7) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;

8) келушілерді хабардар ету мақсатында әкімшілік әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, келушілерді орналастыру жоспарын әзірлейді және кіреберісте орналастырады;

9) келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, әрбір пайдаланғаннан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту;

10) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі.

11) табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.

4. Объектінің меншік иесі:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) кіреберісте, ресепшенде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;

3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, олардың мүлтіксіз сақталуы туралы нұсқама өткізу;

4) ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық құралмен суланған дезинфекциялық кілемше орнатылады;

5)  санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

6) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды таңбаланған контейнерлерге (полиэтилен қаптар) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;

7) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;

8) пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер)арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды;

9) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдетуді;

10) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындарды, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды күніне кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізуді;

11) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуын;

12) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды  жіберуді;

13) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қатамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

4. Бильярд залдары мен боулингтер үшін мынадай қосымша талаптарды сақтау қажет:

1) би алаңдарында жаппай би өткізуге жол берілмейді;

2) конкурстарды (өз үстелінен шықпай-ақ интерактивті іс-шаралардан басқа), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

3) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарына сәйкес бильярд және боулингтің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

4) ойын мүкәммалы (кии, бильярдқа арналған шарлар, боулингке арналған шарлар және т.б.) әрбір ойын аяқталғаннан кейін құрамында спирт бар дезинфекциялау құралымен өңделеді;

5) бір ойын жолындағы боулерлердің бір мезгілде 6 адамнан артық болуына жол берілмейді.».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы  5 наурыздағы  

№ 10_  қаулысына

2-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 68қаулысына

  1.  

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау

 

Қызмет түрлері

Объектілерге қойылатын талаптар

Объектіні  іске қосу сипаты

Ескертпе

1.

Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, бизнес-орталықтары және басқа да кеңселер

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі – № 67 БМСДҚ)  1-қосымша

Хабарлама

 

2.

Өнімнің бөлшек сауда объектілері, үй жанындағы дүкендер

№ 67 БМСДҚ
5-қосымша

Хабарлама

 

3.

Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілері

(азық-түлік базарлары),азық-түлік қоймалары

№ 67 БМСДҚ

5-қосымша

Хабарлама

 

4.

Көтерме және бөлшек сауда объектілері (азық-түлік емес базарлары), азық-түлік емес қоймалары

№ 67 БМСДҚ

5-қосымша

Хабарлама

 

5.

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем болатын бөлек тұрған дүкендер, сауда желілері

№ 67 БМСДҚ

5-қосымша

Хабарлама

 

6.

Сауда алаңы 2000 ш.м астам болатын бөлек тұрған дүкендер, сауда желілері

№ 67 БМСДҚ

5-қосымша

Хабарлама

Бару арқылы

7.

Сауда алаңы 2000 ш.м астам сауда ойын-сауық кешендері (орталықтары), сауда үйлері

№ 67 БМСДҚ
5-қосымша

Хабарлама

Бару арқылы

8.

Онлайн сауда объектілері (интернет дүкендер, курьерлік қызметтер және т. б.)

№ 67 БМСДҚ
1-қсымша, 5-қосымша

Хабарлама

 

9.

Автосалондар, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендері және техникалық қызмет көрсету станциялары (вулканизация, автожуу, шиномонтаж)

№ 67 БМСДҚ
6-қосымша

Хабарлама

 

10.

Қызмет көрсету саласы объектілері (сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу)

№ 67 БМСДҚға
 7-қосымша

Хабарлама

 

11.

Фитнес қызметін көрсету бойынша объектілер, спорт кешендері

№ 67 БМСДҚ
8-қосымша

Хабарлама

 

12.

Халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілер және өзге де объектілер

№ 67 БМСДҚ
10-қосымша

Хабарлама

 

13.

Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақүйлер, отельдер)

№ 67 қаулыға
11-қосымша

Хабарлама

 

14.

Әуежайлар және теміржол  вокзалдары, автовкозалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметі

№ 67 БМСДҚ
12-қосымша

Хабарлама

 

15.

Маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, оның ішінде ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің қызметі

№ 67 БМСДҚ
13-қосымша

Хабарлама

 

16.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

№ 67 БМСДҚ
14-қосымша

Хабарлама

 

17.

Қызметіне рұқсат етілген білім беру объектілері, интернаттарды қоса алғанда

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру  объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 10- тарауы

Хабарлама

 

18.

Білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілері

№ 67 БМСДҚ
46-қосымша

Хабарлама

 

19.

Қоғамдық көлік

№ 67 БМСДҚ
15-қосымша

Хабарлама

 

20.

СПА, массаж салондардың, моншалардың, сауналардың қызметі

№ 67 БМСДҚ
16-қосымша

Хабарлама

 

21.

Санаторий-курорттық мақсаттағы объектілер, демалыс үйлері, туристік базалар

№ 67 БМСДҚ
17-қосымша

Хабарлама

 

22.

Балаларды сауықтыру лагерлері

№ 67 БМСДҚ
18-қосымша

Хабарлама

 

23.

Білім беру, түзету орталықтарының қызметі

№ 67 БМСДҚ
19-қосымша

Хабарлама

 

24.

Тамақ өнеркәсібі объектілері

№ 67 БМСДҚ
25-қосымша

Хабарлама

 

25.

Қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру объектілеріндегі тамақтануды қоспағанда)

№ 67 БМСДҚ
21-қосымша

Хабарлама

 

26.

Ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда)

№ 67 БМСДҚ
21-қосымша

Хабарлама

 

27.

Тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру объектілері

№ 67 БМСДҚ
22-қосымша

Хабарлама

 

28.

Пенитенциарлық (қылмыстық атқару) жүйедегі мекемелері

№ 67 БМСДҚ 24-қосымша

Хабарлама

 

29.

Өнеркәсіптік  кәсіпорындар мен өндірістік объектілер, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы объектілер

№ 67 БМСДҚ
25-қосымша

Хабарлама

 

30.

Медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары)

№ 67 БМСДҚ
26-қосымша

Хабарлама

 

31.

Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар)

№ 67 БМСДҚ
28-қосымша

Хабарлама

 

32.

Денсаулық сақтау объектілері (стоматологиялық клиникаларды қоспағанда)

№ 67 БМСДҚ
2, 4 және 34-қосымшалар

Хабарлама

 

33.

Стоматологиялық  клиникалар

№ 67 БМСДҚ
29-қосымша

Хабарлама

 

34.

Экскурсиялық қызметті жүзеге асыратын объектілердің кеңселері (туристердің ұйымдастырылған топтары үшін экскурсиялар ұйымдастыру)

 

№ 67 БМСДҚ
31-қосымша

Хабарлама

 

35.

Зертханалар

№ 67 БМСДҚ
30 және 33-қосымша

Хабарлама

 

36.

Ашық ауадағы аттракциондар

№ 67 БМСДҚ
9-қосымша

Хабарлама

 

37.

Қаржы нарығы объектілері

№ 67 БМСДҚ
1-қосымша

Хабарлама

 

38.

Мәдениет объектілері (30 адамға дейін жеке және топтық дайындықтар), кңтапханалар, музейлер, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, цирктер

№ 67 БМСДҚ
9-қосымша

Хабарлама

 

39.

Діни объектілер

№ 67 БМСДҚ
20-қосымша

Хабарлама

 

40.

Бассейндер (1 адамға су айдынының 5 ш.м. есептегенде)

№ 67 БМСДҚ
16-қосымша

Хабарлама

 

41.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және басқалар)

№ 67 БМСДҚ
38-қосымша

Хабарлама

 

42.

Боулинг, бильярд

№ 67 БМСДҚ
39-қосымша

Хабарлама

 

43

Компьютерлік клубтар

№ 67 БМСДҚ
39-қосымша

Хабарлама

 

44

Ойын-сауық орталықтары

№ 67 БМСДҚ
5, 45-қосымшалар

Хабарлама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 5 наурыздағы  

№ 10_  қаулысына

3-қосымша

 

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 68қаулысына

  1.  

 

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

Қызыл аймақ

Сары аймақ

Жасыл аймақ

1

Өнеркәсіп

+

+

+

2

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

+

+

+

3

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

+

+

+

4

Әуе қатынасы

ü

рейстер санын қысқарту

+

+

5

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.).

+

+

+

6

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

+

+

+

7

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

+

+

8

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

+

+

9

 Музейлер, кітапханалар

+

+

+

10

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

+

+

+

11

 Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

ü

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

ü

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

+

12

 Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар,  маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

ü

алдын ала жазылу бойынша

+

+

13

 Супермаркеттер, гипермаркеттер

ü

(уақыт бойынша шектеулер)

+

+

14

 Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)

ü

толтырылуы 80%-дан артық емес

+

+

15

 Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

ü

(жексенбіден басқа)

+

+

16

 Қоғамдық тамақтану объектілері және фудкорт (тек жеткізуге және әкетуге)

ü

(уақыт бойынша шектеулер)

+

+

17

 Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология (жазылу бойынша)

ü

алдын ала жазылу бойынша

ü

алдын ала жазылу бойынша

ü

алдын ала жазылу бойынша

18

 Қоғамдық көлік

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

19

 Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

ü

уақыт бойынша шектеумен 9.00-ден 18.00-ге дейін

ü

уақыт бойынша шектеумен 9.00-ден 18.00-ге дейін

+

20

Мектепке дейінгі мекемелер

ü

15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар

ü

25 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар

+

топтарды біріктіріп іс-шаралар өткізбестен, ата-аналарды және еріп жүретін адамдарды кіргізбестен жұмыс істеуге рұқсат

21

Ұйымдар, офистер

ü

80 %- қашықтықтан,      20%- күндізгі режим

ü

50 %- қашықтықтан,         50%- күндізгі режим

ü

30 %- қашықтықтан,              70%- күндізгі режим

22

 Діни объектілер

ü

ұжымдық іс-шараларды өткізбей

 

ü

ұжымдық іс-шараларды өткізбей

ü

 30%-дан асырмай толтырған кездеу, бір адамға кемінде 4 ш.м алаңды қамтамасыз еткен кезде

23

 Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат

24

 Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

ü

ауданы 2000 ш. м. дейін

+

+

25

Моншалар

+

+

+

26

Сауналар

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

ü

(жексенбіден басқа)

+

27

СПА-орталықтар, бассейндер

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

28

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

29

 Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалардың)  қозғалысы

ü

ортақ вагондарсыз

ü

ортақ вагондарсыз

+

30

 Жолаушылар поездарының қозғалысы

ü

ортақ вагондарсыз

ü

ортақ вагондарсыз

+

31

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

+

+

32

 Спорт кешендері, спорттық сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

33

 СОО, сауда үйлері, сауда желілері

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

34

 Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

30 адамға дейін

ü

 50 адамға дейін

35

 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары

ü

толтырылуы 20%-дан артық емес

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

36

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

37

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

38

Бильярд

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

39

Компьютерлік клубтар

ü

толтырылуы 50%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін, «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі. 18 және одан үлкен жастағы адамдар ғана жіберіледі

ü

толтырылуы 75%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін, «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі. 18 және одан үлкен жастағы адамдар ғана жіберіледі

40

Боулинг

ü

толтырылуы 50%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін, «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

ü

толтырылуы 75%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін, «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

41

Цирктер

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

42

Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар )

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес

43

Көкрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

ü

толтырылуы 20%-дан артық емес

44

Ас беруді өткізу

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес

45

Банкет залдары

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес болғанда ас беруді ғана өткізуге жұмыс істеуге рұқсат беріледі

46

Түнгі және ойын клубтары, караоке

47

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

 «ü« - қызметіне ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;

«-» - қызметіне тыйым салынған.»;

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 5 наурыздағы  

№ 10_  қаулысына

4-қосымша

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

 

  1. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №31-БМСД қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №31-БМСД қаулысы;
  2. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43-БМСД қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 шілдедегі №46 қаулысы;
  3. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43-БМСД қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысы
  4. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 қаулысы;
  5. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 қаулысы;
  6. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №53 қаулысы;
  7. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №62 қаулысы;
  8. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезінде CОVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қарашадағы №63 қаулысы;
  9. «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлау алды үгітті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №66 қаулысы;
  10. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы»  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №69 қаулысы;
  11. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №69 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы №1 қаулысы.

 

Согласовано

05.03.2021 11:52 Кожапова Роза Абзаловна

05.03.2021 11:53 Естекова Гульмира Абдигалиевна

05.03.2021 11:55 Садвакасов Нуркан Олжабаевич

05.03.2021 12:09 Рахимжанова Марал Тлеулесовна

05.03.2021 12:41 Ахметова Зауре Далеловна

Подписано

05.03.2021 13:32 Киясов Ерлан Ансаганович

Жаңартылған күні: 12.03.2021 16:08
Құрылған күні: 12.03.2021 16:08

Текст