"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Изобильный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Изобильное отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер

"Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Изобильное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Ақпарат

 

"Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Изобильное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ Ақмола облысының білім басқармасында өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 

Мектептің орналасқан жері: Республика көшесі, № 42 ғимарат, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильное ауылы. Жұмыс тәртібі: бес күндік жұмыс аптасы сағат 9.00 – ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, екі демалыс күні-сенбі және жексенбі. Мемлекеттік қызметтер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетіледі.

 

Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Изобильное ауылының жалпы білім беретін мектебі "КММ 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау.

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.

3. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.

4. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.

5. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқитын тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру.

6. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру.

7. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

8. Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.

Мемлекеттік қызметтер белгіленген стандарттарға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде төрешілдік танытуға, сөзбұйдаға салуға және мерзімдерді бұзуға жол берілмейді. Маман оларға берілетін ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.

 

 Іс Жүргізуші Бекмолдина Ж. Т.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.03.2021 11:32
Құрылған күні: 07.04.2022 22:17

Текст