Изобильный ауылының орта мектебінде Тілдер апталығына «Халықтың ұлы байлығы оның тілінде» атты қаланың жоспары негізінде жоспар құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Ашылуына 7 сынып оқушысы Нұрбекұлы Ерасыл баршаны Тілдер мерекесімен құттықтап «Өз тіліңде бәрі де алғаш қаланды» өлеңін оқыды (мұғалімі Сатпаева Г.К). Мектеп кітапханасында «Біздің ана тіліміз – ең қымбат, ең сенімді құрал» атты көрме ұйымдастырылды.
Әр сыныпта «Халықтың ұлы байлығы оның тілінде» атты сынып сағаттар өткізілді.
Тіл мамандары «Тілімізге деген көзқарас – елімізге деген көзқарас» тақырыбы бойынша эссе жазу сайысы өткізілді. 7 сынып оқушысы Дуанбаева Алия мұғалімі Сатпаева Г.К. мен 9 сынып оқушысы Салдатханқызы Жансаяның эссесі мұғалімі Попенко Н.П. мектеп ішінде ең жақсы деп таңылып қалалық сайысқа жіберілді. Қала бойынша Салдатханқызы Жансаяның эссесі 3 орынға ие болды.
7-8 сыныптар арасында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты тілдер онкүндігіне арналған сайыс-сабақ өткізілді, сайыста оқушылар белсенділік танытып, білімдерімен айырықшаланды.
«Абай Құнанбаевтың көрнекті тіл және көркем-шығармашылық әлемі» тақырыбы бойынша 6-8 сыныптар арасында (мұғ. Алибаева А.О.) оқырмандар сайысы өткізілді. Үздік оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
5-6 сыныптар арасында ұлы ақын Абайдың шығармашылығы бойынша «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» мұғалімі Асаинова Ш.М. ашық сабақ өткізді.
Өтізілген іс-шаралардың барлық фото,бейнематериалдары мектептің фейсбук желісіне жүктелді